Шымкентте пневмониямен ауырғандардың 80 пайызы жазылып шықты

24 Шілде 2020, 10:14
1056
Бөлісу:
Шымкентте пневмониямен ауырғандардың 80 пайызы  жазылып шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында пневмония ауруына шалдыққан  науқастардың 80 пайызы емделіп шықты.  Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мәселен, жыл басынан бері пневмония ауруына шалдыққан 12595 науқас тіркелген болса, қазірде  оның 10263 науқасы емделіп  шықты. Бұл туралы Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзилов Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді.  

Сонымен қатар, спикер бүгінгі таңда емдеу мекемелерінде дәрілік заттың жеткілікті екенін атап өтті.

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарында қосымша екі айға жететін дәрі-дәрмек бар. Дәрі-дәрмектер қорында қосымша 328 027 дана температураны төмендететін препарат бар. Бұған қоса, вирусқа қарсы препараттардың 70 570 данасы, 135 мыңнан астам антибиотик, 79 800 антикогулянт, 110 532 дана емге қажетті витамин бар, -деді Т. Варзилов.

Сондай-ақ 1 шілдеден бастап осы аралықта күніне түсетін шақыртулар саны 65 пайызға төмендеген. Бүгінде "103" қызметінде жүз жедел жәрдем бригадасы халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетуде.  

Айта кетейік, 15 шілдеден бастап "1430" онлайн кеңес беру мобильді қосымшасы іске қосылған болатын. Бұл сайтқа 486 дәрігер тіркеліп, халыққа тегін медициналық кеңес беруде.

Өзгелердің жаңалығы