Шымкентте өз-өзіне қол салған қарияға қатысты тың деректер шықты

20 Мамыр 2023, 13:50
1700
Бөлісу:
Шымкентте өз-өзіне қол салған қарияға қатысты тың деректер шықты

Шымкентте өз-өзіне қол салған зейнеткердің өліміне қатысты тың деректер белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкентте 72 жастағы қария аурухананың үшінші қабатынан секіріп, көз жұмған еді. Қайғылы оқиға 18 мамыр күні түнгі сағат 23:15 шамасында орын алған. Егде жастағы ер адам 7 мамыр күні №2 қалалық ауруханаға «кеңірдегін кесу» арқылы суицид жасау дерегімен түскен екен. Дегенмен, онда хирург-дәрігердің болмауына байланысты №1 ауруханаға ауыстырылған.

Науқастың жағдайына байланысты көмейін тігу үшін жедел ота жасалып, 10 мамырға дейін жансақтау бөлімінде жатқан. Өз-өзіне қол жұмсау фактісі болған соң, оған психологиялық көмек көрсетіліп, туыстары шақырылған.

Алайда 18 мамыр күні туыстары белігісіз себептермен ауруханадан кетіп қалған екен. Дәрігерлер марқұмның суицид жасауына «өзін жалғыз қалдым деп сезінуі» ықпал етуі мүмкін деген пікір айтып отыр. Ал 72 жастағы қария басынан алған ауыр жарақаттардан оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Миының шайқалуы, ми сүйегінің сынуы секілді ауыр жарақаттар болған. Негізі туысқандары қасында отырғандықтан қаншама күн мұндай жағдай болмаған ғой, енді туысқандары кетіп қалғаннан кейін «мені тастап кетті» деп ойлағаннан деп пайымдап отырмыз. Өйткені біздің №1 қалалық аурухананың хирургиялық деңгейінде өте жоғары деңгейде көмейі тігіліп, бірінші хирургиялық өңдеу жасалып, жансақтау бөліміне жатқызылып, бірінші жоғары медициналық қызмет көрсеткенбіз, - дейді №1 қалалық клиникалық аурухананың әдістемелік бөлім басшысы Қуаныш Лекеров.

Өзгелердің жаңалығы