Шымкентте қосымша екі зертхана салынады

30 Қыркүйек 2020, 14:43
1199
Бөлісу:
Шымкентте қосымша екі зертхана салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Ғалымжан Әбішевтің қатысуымен қаладағы эпидемиологиялық ахуал бойынша брифинг өтті. 

Баспасөз мәжілісінде Ғалымжан Мотайұлы пандемияға байланысты қаладағы бүгінгі жағдай туралы сөз қозғады.

Қазіргі таңда қалада эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Яғни, инфекциялық ауруханалардағы төсек-орындардың 85%-ы бос. Ал жұмыс істеп тұрған мобильді бригадалардың саны 211-ден 123-ке дейін төмендеді. Дегенмен болжамды екінші толқын ықтималдығына байланысты дайындық жұмыстары жалғасуда. Осы орайда пневмония диагнозын анықтау үшін 3 КТ аппараты мен 88 ИВЛ аппараты сатып алынса, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен 156 ИВЛ аппараты жеткізіледі деп күтілуде. Сонымен қатар 250 «Бобров» аппаратын алу үшін сатып алу жұмыстары жүргізілуде, – деді Ғалымжан Әбішев.

Спикердің сөзінше, коронавирустық инфекцияны диагностикалау үшін осы жылдың наурыз айынан бастап 6 зертхана іске қосылған. Тәулік бойы жұмыс істейтін бұл зертханалардың қуаттылығын күніне 2500 ПТР-ден 3500 ПТР-ге дейін ұлғайтылмақ. Әр зертхана бір күнде 200-250 тест өткізу қуаттылығы бар. Бұған қоса қосымша 2 зертхана сатып алу жоспарлануда. 

Ал провизорлы және инфекциялық стационарлардың жұмысын әзірлеу мақсатында арнайы 3 сценарий әзірленген. Тұрақты эпидемиологиялық жағдай кезінде қаланың  медицина ұйымдарында жоспарлы түрде 1380 төсек-орын дайындалған. Қолайсыз эпидемиологиялық жағдай туындаса, бұл төсек-орын саны 4025-ке дейін ұлғаяды. Егер жұқпалы аурулар өршіген жағдайда төсек-орын 5496-ға дейін артады.

Сондай-ақ инфекциялық стационарларға емдеуге жатқызу деңгейін анықтау және пациенттерді денсаулық ауырлығы мен аумақтық қағидат деңгейі бойынша сұрыптау енгізілген. Одан бөлек, қалалық Жұқпалы аурулар ауруханасы мен №3 қалалық аурухана базасында екі 3 оттегі стансасын орнату жұмыстары аяқталған. Ал бүгінде медициналық ұйымдарда 717 оттегі нүктесі мен сұйық оттегіге арналған 9 оттегі нүктесін орнату жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлады Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы.

Айта кетейік, қала бойынша КВИ жұқтырудың жалпы 5 189 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 4 760 науқас дертінен сауыққан. 


Өзгелердің жаңалығы