Шымкентте несиені жабамын деп жалған айтқан азамат ұсталды

23 Қараша 2022, 08:25
765
Бөлісу:
Шымкентте несиені жабамын деп жалған айтқан азамат ұсталды

Шымкентте «банктегі несиелерді жойып беремін» деп тұрғындардан заңсыз ақша алып, айласын асырған азамат қолға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ otyrar.kz-ға сілтеме жасап.

Ол жергілікті тұрғынның 150 000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алған. Аталған жайт ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полицияның жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, күдікті тәулік ішінде қала аумағында ұсталды. Ол Шымкент қаласының 46 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Ол алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген.

Қазіргі таңда бұл іске байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы