Шымкентте қызымен жанжалдасып қалған жас жігіт суицид жасамақ болған

1 Ақпан 2021, 11:33
1769
Бөлісу:
Шымкентте қызымен жанжалдасып қалған жас жігіт суицид жасамақ болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсілдер туралы өткен брифингте айтты. 

28 қаңтарда кешкі сағат 19:00-де бір топ азамат Қазиев көшесінің қиылысындағы патрульдік полицияға келіп, Дендросаябақта өзін-өзі өлтіруге буынған достарын іздеп жүргенін айтты. Екі патрульдік полиция бірден саябаққа барып, азаматты іздей бастайды. Полиция қызметкерлері оны орындықтың қасынан табады, - деді Ораз.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері жігітпен диалог жүргізуді бастағанда ол өз-өзін өлтіруге тырысқан. 

Сол сәтте орындықтың арқаулығын көтеріп, мойнына ілмек қойып, өз-өзін өлтіруге тырысқан. Қызметкерлер арқанды жұлып алып, оны құтқарды. Азамат медицина мекемесіне жеткізілді. Оған көмек көрсетілді. Жігіт полиция бөліміне барып, өз әрекеті туралы айтып берген. Тексеру барысында жігіттің қызбен арадағы жанжалға байланысты осындай қадамға баруға бел буғаны анықталды, - деді Нұрділдә Ораз.

Өзгелердің жаңалығы