Шымкентте қоғамдық көліктің 80 пайызы жаңарды

5 Желтоқсан 2020, 02:12
1300
Бөлісу:
Шымкентте қоғамдық көліктің 80 пайызы жаңарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында биыл 417 шақырым жолға құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 88 шақырым магистралды, 329 шақырым ішкі орамдық көшелер. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов айтты.

Сондай-ақ шаһарда көлік кептелісін болдырмау мақсатында 4 ірі жолайрықтың құрылысы жоспарланып, осы жылы біреуінің құрылысы басталды.

Осы жылы 4 көпірде қайта құру жұмысы жүргізіліп, 4 көпір күрделі жөндеуден өтті. Осындай жұмысдардың нәтижесінде, жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі жыл соңына дейін 60 пайызға жететін болады, - деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Спикердің айтуынша, қалада жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау үшін, ағымдағы жылы газбен жүретін 590 жаңа автобус әкелініп, қаладағы автобус парктерінің 80 пайызы жаңарған. Сонымен қатар, қоғамдық көліктерге «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі енгізіліп, 260 аялдама орнатылған.



Өзгелердің жаңалығы