Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

27 Қазан 2022, 23:23
831
Бөлісу:
Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
PHOTO
Фото: Polisia.kz

Шымкентте полицейлер кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Полиция департаментіне жеке кәсіпкер бейтаныс екі азаматтың бопсалағаны туралы арызбен жүгінді. Оны күшпен қорқытқан ер адамдар жәбірленушіге тиесілі Toyota Camry 70 автокөлігін тартып алған. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. 

Аса ауыр қылмысты ашу мақсатында Шымкент қалалық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізді. 

Нәтижесінде бірнеше күннің ішінде тергеушілер бопсалау жайтына қатысы бар күдіктілердің жеке басын анықтады. Екеуі де жергілікті қала тұрғындары, біреуі бұрын бірнеше рет сотталған. 

Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

ҰҚҚКБ-ның қызметкерлері күдіктілердің бірін тұрғылықты мекенжайында қолға түсірді. Ал сыбайласы қаладағы қонақ үйлердің бірінде ұсталды. Олардан екі аңшылық пышақ, 160 оғымен пневматикалық тапанша, 21 оғымен АК-47 автоматы және Макаров тапаншасының қабын тәркіледі. 

Қазіргі таңда күдіктілер қамауда. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ полиция қызметкерлері ұсталған азаматтардың қазан айының басында өздігінше билік ету арқылы тағы бір жәбірленушіге тиесілі Iphone 13 Pro Max ұялы телофонын алып қойып, қайтармай қойғанын анықтады. Бұл туралы арыз Еңбекші АПБ-да тіркелген. 

Жедел уәкілдер қылмыстық топтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын тексеруде.

Өзгелердің жаңалығы