Шымкентте індет жұқтырғандар саны 40-қа жетті

15 Сәуір 2020, 11:05
1169
Бөлісу:
Шымкентте індет жұқтырғандар саны 40-қа жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған соңғы 1 науқас туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы ақпарат таратты.

Ауру жұқтырған азаматша Шымкент қаласының тұрғыны. Ол  коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19  диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда - делінген хабарламада.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

15.04.2020 жылы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 40 адам анықталды.

Өзгелердің жаңалығы