Шымкентте халық санағаның бірінші кезеңін өткізуге қанша адам жұмылдырылды?

26 Маусым 2021, 14:43
3774
Бөлісу:
Шымкентте халық санағаның бірінші кезеңін өткізуге қанша адам жұмылдырылды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Шымкент қаласының 2021 жылы өтетін Ұлттық халық санағына дайындық жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылдың Ұлттық халық санағы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізіледі. Осы кезеңде жұмыстың нәтижелі болуы үшін, өңірлерде ауқымды дайындық жұмыстарын жүргізу керек. Жергілікті статистика департаменттерінің басты міндеттердің бірі тұрғын үйлердің (пәтерлердің), тұрғын жай ретінде пайдаланылатын тұрғын емес орынжайлардың тізімін нақтылап, сол арқылы халық санағының негізгі кезеңінде санақ қызметкерлеріне берілетін жүктеменің нормаға сәйкес нұсқаушылық және есеп учаскелеріне бөлінуін және халық санының тең бөлінуі үшін база құру.

Шымкенттегі біздің интервьюерлеріміздің алдында өте маңызды үлкен жұмыс тұр. Соңғы жылдары қалада көппәтерлі және жеке тұрғын үйлердің құрылыстары қарқынды жүргізілуде. Сондықтан бұрынғы картографиялық деректердің өзектілігі жоғалды. Санақтың негізгі кезеңінде қателіктер жібермес үшін, қазір алдын-ала кезеңде интервьюерлер барлық көшелердің атауларын, үйлердің реттік нөмірлерін және басқа да деректерін нақтылауы қажет, - деп атап көрсетті Айдапкелов.

Шымкентте 29 нұсқаушылық және 198 тіркеу учаскелері құрылған. 4 мамырдан бастап ұлттық санақ жүргізу жөніндегі нұсқаушылармен (уәкілетті 21 адам) еңбек шарты жасалды. Нұсқаушы-бақылаушылармен және интервьюерлермен ақылы қызмет көрсету жөніндегі келісім шарттар бар. Санақты сапалы өткізу үшін 248 адамнан тұратын барлық санақ қызметкерлері, оның ішінде халық санағын жүргізу жөніндегі 21 уәкіл, 29 нұсқаушы-бақылаушы, 198 интервьюер тәжірибелік жаттығуларға қатысып, статистика департаментінің базасында тестілеуден өткізілді.

Санақ қызметкерлерін қабылдау Департаменттің сайты мен әлеуметтік желілеріне, халықты жұмыспен қамту орталығының, «Электронды еңбек биржасы» АЖ-нің, «Атамекен» ҰКП-ның, «Жастар ресурстық орталығының», жұмысқа орналастыру жөніндегі жеке қызметердің сайттары мен әлеуметтік желілеріне хабарландыру орналастыру арқылы жүзеге асырылды.

Санақ қызметкерлері орынжайлармен, компьютерлермен, жиһаздармен қамтамасыз етілген. Олардың компьютерлері Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік орталығына (МО БКО) қосылған. Әрбір қызметкер жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Қалалық автокөлікте тегін жүру мәселесі шешілген. Әрбір нұсқаушылық және есеп учаскесіне учаскелік полиция инспекторы бекітілді.

Алдын ала алынған мәліметтер бойынша бірінші кезең интервьюерлері 223 308 тұрғын үй мен адамдар тұруы мүмкін тұрғын емес орынжайларды аралауы тиіс.

Өзгелердің жаңалығы