Шымкентте ер адам баласы бар әйелді лифтіде зорламақ болды
26 Мамыр, 10:00 638

Шымкентте ер адам баласы бар әйелді лифтіде зорламақ болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте ер адам баласы бар әйелді лифтіде зорламақ болды,  деп хабарлайды Polisia.kz. 

Шымкент қаласы Қаратау АПБ-ға жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Әйел өз шағымында көпқабатты үйдің лифтінде белгісіз адам оны зорлауға тырысқанын айтты. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 24-120-бабы (Зорлауға оқталу) бойынша тіркеуге алды.

Жасалған қылмыстың ауырлығын ескере отырып Полиция департаменті ер адамның жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған тәжірибелі жедел уәкілдерден тұратын арнайы топ құрды. Іс Полиция департаменті басшылығында ерекше бақылауға алынды. 

Нәтижесінде жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бірнеше сағат ішінде күдіктінің жеке басын анықтады. Қолға түскен жас жігіт мегаполис тұрғыны болып шықты. Жедел топ өкілдері оны қылмыстық жауапкершіліктен қашпақ болған жерінен Шиелі бекетіндегі пойыз вагондарының бірінде құрықтады. Ол түнде Қаратау аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...