Шымкентте эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді

21 Шілде 2020, 14:38
1470
Бөлісу:
Шымкентте эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында 2020 жылғы 21 шілде күнгі мәлімет бойынша 4453 COVID-19 жағдайы тіркелген.


Өткен тәулікте 43 вирус жұқтырғандар тіркеліп,  өсім 1 пайызды құрады. Жазылып шыққан науқастар саны - 2770. Яғни, 62 пайызы емделіп шыққан. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында баяндады.
Селекторлық режимде өткен жиында әкім қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында инфекциялық және провизорлық стационарларда қысқа мерзімде қосымша 3 050 төсек-орын ұйымдастырылып, орын саны 3 860- қа жеткізілген. Оның ішінде 650 инфекциялық, 3 210 провизорлық төсек-орын. Олардағы реанимациялық 30 төсек-орын саны 151 орынға дейін ұлғайтылғанын атап өтті, - деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, қала басшысы қаладағы ауруханаларға қосымша 58 ИВЛ аппараты мен 250 "Бобров" тыныс алу аппараты және 26 реанимациялық мониторлар алынған. Реанимациялық орынның 88,7 пайызы немесе 134 ИВЛ аппаратымен қамтылған. Кислородпен қамтылған орын саны 861-ге немесе жалпы орынның 22,3 пайызына жеткізілгенін айтты.

Мұрат Әйтенов тұмау мен өкпе қабыну белгілерімен жедел жәрдем шақырушылар саны 26,6 пайызға азайғанын, стационарларда ем алушылар саны 31,5 пайызға төмендегенін, стационарлардағы төсек-орынның жүктемесі 90,3 пайыздан 47,5 пайызға дейін кемігенін хабарлады.


Өзгелердің жаңалығы