Шымкентте әскери қызметкер жұмбақ жағдайда қайтыс болды

19 Маусым 2023, 12:58
887
Бөлісу:
Шымкентте әскери қызметкер жұмбақ жағдайда қайтыс болды
Фото: Арман Мухатов - архив

Шымкентте әскери қызметкер дистанцияға жүгіруден кейін ауруханаға түсіп, келесі күні қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқыс оқиға 15 маусымда болған. 6506 әскери бөлімінде белгілі бір қашықтыққа жүгіру бойынша жаттығулар өткізілген.

Жаттығулар аяқталғаннан кейін Б.Байжанов есімді әскери қызметкер өзін жайсыз сезінді. Дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейіннен ол Шымкенттегі бірінші қалалық клиникалық ауруханасына жеткізіліп, бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Келесі күні сағат 17:15 шамасында ол қайтыс болған, - делінген ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы таратқан ақпаратта.

Аталған деректің мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу басталып кетті.

Өзгелердің жаңалығы