Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында Армениядан әкелінген 129 автокөлікке сары нөмір берілді, деп хабарлады Polisia.kz.
1 маусымнан бастап Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу жұмыстары басталған болатын. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеуге қатысты жүргізушілерге тиісті қызмет түрін ұсынады.Ал Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері армениялық нөмірлі автокөліктердің жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынама тарату ісін жалғастырып отыр. Бұл департамент тарапынан іске асырылып жатқан кешенді жұмыс жоспарының нәтижесінде 129 автокөлікке сары нөмір берілді.
Армениядан әкелінген автокөлікті 11 мың 946 теңге (695 теңге – тіркеу үшін алым, 3 773 теңге – көлік құралын тіркеу куәлігі үшін баж, 7 778 теңге – мемлекеттік нөмір үшін баж) төлеп, қысқа мерзім ішінде өз көлігіңіз ретінде тіркей аласыз.