Шымкентте AR-shymkent жобасы іске қосылады

20 Тамыз 2020, 20:51
1430
Бөлісу:
Шымкентте AR-shymkent жобасы іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында AR-shymkent– виртуалды жобасы қолға алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 


Жобаның мақсаты - туризм саласын цифрландыра отырып, идеологиялық, ақпараттық-танымды  дәстүрлі жарнамалық  шығындарды азайту, заманауи технологияларды қолданудың кері байланыстағы рөлін насихаттау болып табылады. 

AR-shymkent QR-кодының көмегімен туристер өз смартфондарына Шымкенттегі тарихи ескерткіштердің тарихы, жай-күйі туралы ақпарат ала алады. Яғни AR-shymkent  аудио, видео, фотоақпараттарды интерактивті нысанда және 3D нысанда көруге мүмкіндік береді. 

Қалалық цифрландыру басқармасы мамандарының айтуынша, жобада екі виртуалды ақпараттандырушы қызмет көрсетеді. Біріншісі - қаланың географиялық жағдайы туралы жол көрсетуші виртуалды гид болса, екіншісі - сол нысанның немесе тұлғаның (ескерткіштің) тарихын, я  өмірбаянын  айтатын видеобаяндамашы. 

Қаладағы 103 қоғамдық орында QR-коды бар 830 арнайы белгі орнатылады. Атап  айтқанда кинотеатрлар, сауда үйлері, саябақтар, автобустар, қонақ үйлер мен қоғамдық орындар таңдалған. 

Қазіргі таңда жобаны іске қосушы компаниямен келісімшартқа сәйкес жұмыстар атқарылып жатыр.


Өзгелердің жаңалығы