Шымкентте «Бас қалам – Нұр-Сұлтан» акциясы өтті

25 Наурыз 2019, 19:32
2390
Бөлісу:
Шымкентте «Бас қалам – Нұр-Сұлтан» акциясы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттіктер ел астанасын Нұр-Сұлтан қаласы деп атауға осылайша қолдау көрсетті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Үшінші мегаполистегі Арбат демалыс аймағында «Бас қаламыз - Нұр-Сұлтан» акциясы өтуде. Бес мыңнан астам тұрғын жиналған мерекелік іс-шара барысында шымкенттік зиялы қауым өкілдері ел астанасы атауының өзгеруіне байланысты оң пікірлерін айтып, қолдау білдірді. Олар егемен еліміздің қалыптасып, өсіп-өркендеуіне ерен еңбек сіңірген Тұңғыш Президентіміз бұл құрметке әбден лайық деп біледі.

Шымкентте «Бас қалам – Нұр-Сұлтан» акциясы өтті

Мерекелік акция аясында эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Онда Ернар Айдар, «Өркен» отбасылық квинтеті, Еркін Нұржанов пен Асыл Жандаулетовтер өнер көрсетті.

Шымкентте «Бас қалам – Нұр-Сұлтан» акциясы өтті



Өзгелердің жаңалығы