Шымкентте адамдар мінген аттракцион биіктікте тоқтап қалды

21 Мамыр 2023, 13:39
874
Бөлісу:
Шымкентте адамдар мінген аттракцион биіктікте тоқтап қалды

Шымкенттегі саябақтардың бірінде адамдар мінген аттракцион биіктікте тоқтап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ғаламтор желісінде таралған видеодан аттаркционның биікте тоқтап қалғанын аңғаруға болады. Видео авторының айтуынша, адамдар «аспанда» 20 минуттан артық тұрған.

Саябаққа қыдырып келушілер үрейленіп, өмірлері үшін қорқа бастаған. Бақытқа орай, адамдар зардап шеккен жоқ, оларды аман-есен құтқаруға мүмкіндік болған. Қолайсыздықтарға қарамастан бақ әкімшілігі ақшаны қайтарудан бас тартқан.

«Бәйтерек» деп аталатын аттаркцион биіктікті жақсы көретін жандарға арналған. Белгілі бір биіктікке шыққан соң ол айнала бастайды.

Өзгелердің жаңалығы