Шымкентте 900-ге жуық жас баспанаға ие болды

25 Қаңтар 2024, 12:28
398
Бөлісу:
Шымкентте 900-ге жуық жас баспанаға ие болды
PHOTO
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкентте 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін 888 жас баспаналы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкентте 900-ге жуық жас баспанаға ие болды

Қазір азаматтармен арендалық жалдау шартын жасасып, қоныстандыру жұмыстары басталды. Аталған пәтерлер Тұран шағын ауданында орналасқан. Конкурстан өткен азаматтарға арендалық жалдау шарты бойынша 1414-тен хабарлама жолдануда. Жолданған келісімшартқа электронды қол қою арқылы пәтер кілтіне қол жеткізе алады, - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Шымкентте 900-ге жуық жас баспанаға ие болды

 Еске сала кетейік, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылдың 8-10 қараша аралығында 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған «Жастар» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданды. Нәтижесінде, аталған бағдарламаның талап шарттарына сәйкес келген 888 азаматтың өтінімі мақұлданды. 

Шымкентте 900-ге жуық жас баспанаға ие болды

«Жастар» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз 3 жыл мерзімге жалға беріледі.

Шымкентте 900-ге жуық жас баспанаға ие болды
Өзгелердің жаңалығы