Шымкентте 90-дағы әжей пневмониядан жазылып шықты

28 Шілде 2020, 21:00
1191
Бөлісу:
Шымкентте 90-дағы әжей пневмониядан жазылып шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қария өкпесінің екіжақты пневмониясымен жансақтау бөлімінде емделген болатын деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

90 жастағы қала тұрғыны ауыр халде кардиологиялық орталыққа жедел жәрдеммен жеткізілген. Науқасты тексерген мамандар оның өкпесінің зақымданғанын анықтап, екіжақты пневмония диагнозын қойған. Денсаулық жағдайының ауырлауына байланысты дәрігерлер әжейді бірден жансақтау бөліміне жатқызған. Мұнда науқасқа емдеу хаттамасына сәйкес медициналық көмек көрсетіледі. Нәтижесінде қарт кісінің денсаулығы жақсарып, 28 шілде күні ауруханадан шығарылды, - делінген хабарламада.

Дәрігерлер 90 жастағы қарияның қазіргі жағдайы жақсы дейді. Ал әжей медицина мамандарына алғысын білдіріп, батасын берді.


Өзгелердің жаңалығы