Шымкентте 77 адам індет жұқтырған

17 Мамыр 2020, 12:24
1085
Бөлісу:
Шымкентте 77 адам індет жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 77 адам  тіркелді (16.05.2020 жылғы сағат 23:59 - дегі мәлімет бойынша).

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 77 адамнан  COVID-19 диагнозы нақтыланды: олардың 3 Атырау облысынан келген, 2 халықаралық жүк тасымалының жүргізушісі, 4 жақын қарым-қатынастағылар ретінде бақылауға алынған, 68 скрининг нәтижесінде анықталған. Тиісінше барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған, - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 344 адам анықталды.
Өзгелердің жаңалығы