Шымкентте 39 млн теңге өтелмеген қарызы бар жүргізуші анықталды

6 Желтоқсан 2023, 23:40
502
Бөлісу:
Шымкентте 39 млн теңге өтелмеген қарызы бар жүргізуші анықталды
Фото: архив

Шымкентте 39 млн теңге қарызы бар жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция хабарлауынша, күні кеше Қонаев даңғылының бойында Chevrolet Damas автокөлігі тоқтатылған.

Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның көлік басқару құқығы шектелгені және 39 млн теңге өтелмеген қарызы бар екені анықталыпты.

Көлік бірден айыптұраққа қойылды.

Өзгелердің жаңалығы