Шымкентте 2025 жылы газбен қамту, электр энергия мәселесі толығымен шешім табады

9 Желтоқсан 2021, 13:00
1241
Бөлісу:
Шымкентте 2025 жылы газбен қамту, электр энергия мәселесі толығымен шешім табады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлім етті.

33 елді мекен газбен жартылай қамтылса, қуаттылығы жеткіліксіз болып отыр. Осы жылы газбен қамту бойынша 5,9 млрд теңгеге 18 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Осының есебінен газбен қамтылмаған елді мекендерге газ тарту мүмкіндігі пайда болады. Келесі жылдың басында №3 автоматтандырылған газ тарту жүйесі пайдалануға беріледі. Қаланы газдандыру мәселесі 2025 жылы толығымен шешіледі, - деді Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Сондай-ақ әкім 16 елді мекенде электр энергиясының сапасы төмен екенін айтты.

Биыл осы салада 9,8 млрд теңгеге 19 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, қамту деңгейі 95 пайыздан 97 пайызға жетеді. Халықты сапалы электрмен қамту мәселесі 2025 жылы толығымен шешіледі, - деді қала әкімі.



Өзгелердің жаңалығы