Шымкентте 11 науқас коронавирустан емделіп шықты 

3 Мамыр 2020, 23:03
1344
Бөлісу:
Шымкентте 11 науқас коронавирустан емделіп шықты 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте коронавирус инфекциясынан тағы 11 науқас емделіп, ауруханадан шығарылды, деп хабарлады жергілікті жедел штабы. 

Қауіпті індетті жеңіп шыққандар 1997, 1967, 2004, 1977, 1966, 1946, 1978, 1985, 1976, 1984, 1986 жылы туылған қала тұрғындары. Науқастар вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды.

Ем-дом кезінде асқынулар болған жоқ, дейді мамандар. Емдеу терапиясынан кейін науқастардан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 3 мамыр күні ауруханадан шығарылды.

Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 49 науқас дертінен айығып шықты.
Өзгелердің жаңалығы