Шымкентте 100-ден аса бала вирустық инфекциядан жазылып шықты

1 Қыркүйек 2020, 14:56
1245
Бөлісу:
Шымкентте 100-ден аса бала вирустық инфекциядан жазылып шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вирустық инфекция өршіген тұста қаладағы Асар шағын ауданындағы балалар клиникалық аурухана базасында көп бейінді провизорлық орталық ашылған.

Бұл туралы Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Мұнда дәрігерлер коронавирус, пневмония дертіне шалдыққан ауыр және орташа халдегі балаларға емдеу шараларын жүргізді. 

Екі айдан аса инфекциялық стационар болып жұмыс істеген орталыққа 107 науқас келіп түскен. Оның ішінде 98 балада коронавирус инфекциясы анықталған. Науқас балаларға провизорлық  стационардағы 20-ға жуық қызметкер тәулік бойы емдеу шараларын үздіксіз жүргізді. Нәтижесінде балалар ауруханасындағы стационарда өлім жағдайы тіркелмеді дейді мамандар. 

Айта кететін жайт, балаларға арналған провизорлық орталықта пульмонолог, травматолог, хирург, невролог, нейрохирург, аллерголог сынды бейінді дәрігерлер бар. 

Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасындағы провизорлық орталық  инфекциялық стационар ретіндегі міндетін аяқтап, штаттық режимдегі жұмысын бастап кетті.


Өзгелердің жаңалығы