Шымкентте 10 жастағы бала субұрқаққа батып кетті

25 Шілде 2023, 15:15
1461
Бөлісу:
Шымкентте 10 жастағы бала субұрқаққа батып кетті

24 шілде күні Шымкенттегі субұрқақтардың бірінде 10 жастағы бала суға батып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Кешкі сағат 19:30-да Назарбаев даңғылындағы субұрқаққа батып кеткен бала ата-анасының қарауынсыз суға шомылған. Тұншығып, дем жетпеген ол оқиға орнында көз жұмды, - делінген ТЖД хабарламасында.

Қайғылы оқиғаға қатысты қалалық полиция басқармасы сот-медициналық сараптама тағайындады.

Аударған: Назерке Өтеген

Өзгелердің жаңалығы