Шымкентте 1 жасар сәби бассейнге құлап, суға батып кетті

15 Шілде 2022, 12:38
1172
Бөлісу:
Шымкентте 1 жасар сәби бассейнге құлап, суға батып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға Абай ауданы, Қызылжар шағын ауданы, Бершінтөбе көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде болған. Аулада қараусыз қалған сәби бассейнге құлап кеткен.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Баланың ата-анасы қасында болмаған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Ал, Шымкент қаласының ТЖД сақтық шараларды әрдайым сақтау керектігін ескертеді.

Балаларға судың жанында ересек адамның қарауынсыз бір минутқа қалуға мүмкіндік бермеу қажет. Нәрестелер мен 5 жасқа дейінгі балалар анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты суға батуға бейім. Олардың денесімен салыстырғанда басы салыстырмалы түрде ауыр, ауырлық орталығы жоғары, сондықтан олар бассейнде, теңізде, ваннада және т.б. оп-оңай суға батып кетуі мүмкін, - дейді Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Айта кетейік, шілде айының басында да Шымкентте 6 жасар бала бассейнге құлап, суға батып кеткен болатын.

 

Өзгелердің жаңалығы