Шымкент жастары Елорданың «Нұр-Сұлтан» қаласы деп аталуын қолдайды

22 Наурыз 2019, 16:04
2924
Бөлісу:
Шымкент жастары Елорданың «Нұр-Сұлтан» қаласы деп аталуын қолдайды

Астана, BAQ.KZ Шымкенттегі жоғары оқу орындарының жастарымен жұмыс істейтін «Жаңа дәуір» қоғамдық бірлестігі шымқалалық студенттердің Елордаға «Нұр-Сұлтан» атауы берілуін қолдайтындарын хабарлады. Олар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа төмендегідей хат жолдады.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Қазақ елінің тұңғыш Президенті Сіздің жетекшілігіңізбен еліміз бағындырған шыңдар жетерлік. Толайым табыстардың тізбегінде басты құндылығымыз – Тәуелсіздікке қол жетіп, ғаламның саяси картасында Қазақстан Республикасы деген алып мемлекет дүниеге келді.

Президенттік өкілеттілігіңізді тоқтату жөнінде саяси шешім қабылдағаныңыз біздерді, Қазақстан жастарын ерекше қимастық сезімге бөледі.

Біз, жастар әрқашан да Елбасымен біргеміз. Жастар – Елбасының тірегі, Елбасы - елдің тілегі! ”Төбесіз жер, төресіз ел болмайды” дегендей, бұл өсиет тектен-текке айтылмаса керек.

Кешегі тар жол, тайғақ кезеңде, егемендіктің елең-алаң шақтарында еліміздің еңсесін көтеріп, шекарамызды шегендеп, халқымызды төрткүл дүниеге танытқан, нұрлы болашаққа жетелеген, сан ғасырлар бойғы бабалар арманын баянды еткен, Ел Астанасын салып, айдай әлемге әйгілеген, халқымызға пана, жастарға аға болған Елбасына қай кезде де айтар алғысымыз шексіз!

Барша Қазақстан халқының жүрегінен жол таба білген Елбасының халқы үшін ақтық демі қалғанша қызмет ететініне кәміл сенеміз!

Барша жұрттың ризашылығына бөленген Тұңғыш Президентімізге алғыс айта отырып, Елордамызға Нұрсұлтан атауын беру туралы шешімді қолдаймыз.

Өзіңізге деген ізгі ниетпен: «Жаңа дәуір» жастар қоғамдық бірлестігі

Өзгелердің жаңалығы