Шымкент туризмді қалай дамытып жатыр?

27 Қаңтар 2023, 12:55
952
Бөлісу:
Шымкент туризмді қалай дамытып жатыр?

2022 жылы Шымкентке 500 мыңға жуық турист келген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыс пен креативті индустрия басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров қалада туризм қалай дамып жатқанын айтып берді.

Басқарма туризмді дамыту үшін 4 бағыт бойынша жұмыс істейді. Олар: туристік инфрақұрылымды жақсарту, маркетингті ілгерілету, сыртқы байланыстарды нығайту және кретивті индустрия.

Қазіргі таңда қаламызда 147 орналастыру орны бар. Яғни Шымкент бір күнде 6 мыңға жуық туристі қабылдай алады. Сонымен қатар 5 ішкі рейс және 7 халықаралық рейс қонаққа қызмет көрсетеді. Экспресс статистикаға сәйкес, 2022 жылы Шымкентке 446 мың турист келген. Оның ішінде 36 мыңы шетелдік турист, - деп айтты ол.

Ерлан Қыдыров Шымкенттің гастрономиялық туризмге ерекше көңіл бөліп отырғанын айтты.

Туристерді тарту мақсатында оқиғалы туризм оң серпін береді. Былтыр қалада 20-ға жуық іс-шара ұйымдастырдық. Бізде гастрономиялық туризм өте жақсы дамыған. 2 мыңға жуық орын қала тұрғындары мен қонақтарға қызмет көрсетеді. Осы орайда гастрономиялық туризмге баса назар аударып жатырмыз. Қазақтың салт-дәстүрін шетелдіктерге көрсететін «Этно Шымкент» ұйымдастырылды, - деп түсіндірді басқарма басшысы кеңейтілген алқа отырысында.

Өзгелердің жаңалығы