Шымкент тұрғындарының 100%-ы екпенің І компонентін алды

11 Қазан 2021, 15:15
2624
Бөлісу:
Шымкент тұрғындарының 100%-ы екпенің І компонентін алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясының таралуы бәсеңдеген Шымкент қаласы «жасыл» аймаққа өтті. Үшінші мегополисте  індеттің таралуы азайып, инфекциялық стационардағы төсек-орындардың басым бөлігі  қысқартылды. Денсаулық сақтау мамандарының айтуынша, бұл – иммундау шарасының нәтижесі.

Шымкент қаласы коронавирусқа қарсы вакцина салдыру бойынша бастапқы 100 пайыз жоспарды орындады. Бүгінгі күні вакциналауға жататын 536 мың азаматтың барлығы індетке қарсы екпенің І компонентін салдырған. Бұған қоса бұл категорияға қосымша 60 мың адам қосылған. Ал ІІ компонентін 454 848 адам алған, - деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қаладағы мемлекеттік және жекеменшік емханаларда ковидке қарсы вакцинациялау жұмыстары аптаның жеті күнінде сағат 08.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.


Өзгелердің жаңалығы