Шымкент үш түрлі сценарийге дайындалып жатыр

19 Тамыз 2020, 18:05
2416
Бөлісу:
Шымкент үш түрлі сценарийге дайындалып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан  "Antikor.Live" жобасы аясындағы онлайн брифингте өңірдегі коронавирус індетімен күрес қалай жүріп жатқанын айтты.

Шымкенттегі шектеу шаралары -Қазақстандағы ең қатал шектеулердің бірі. Коронавирус індетімен күресті қала әкімі Мұрат Әйтенов өзі басқарады. Күнделікті тиісті қызметтер есеп беріп отырады. Қазіргі кезде Шымкент үш ықтимал сценарийге дайындалып жатыр. "А" сценарийі бойынша 1500-ге жуық төсек-орны дайын тұр. Оның 400-і қызмет көрсетіп жатыр. Қалғаны бос тұр. "В" сценарийі бойынша 4000-ға жуық төсек-орын дайындаймыз. "С" сценарий бойынша 4500-нан астам төсек-орын дайын тұрады. Сосын матералдық-техникалық қамтамасыз ету бар. Кез келген төсек-орынның 70 пайызы оттегімен қамтамасыз етілуі тиіс. Қазір осы бойынша жұмыстар атқарылып жатыр, - дейді Шыңғыс Мұқан. 

Оның айтуынша, сонымен қатар 15 пайызы реаниациялық төсек-орындар болуы керек. Оған функционалдық керуеттер, ӨЖЖ апараттары кіреді. Қазір соның бәрі есептеліп, алынып жатыр.

"Ауру айтып келмейді", әкімдік барынша дайындық үстінде. Дегенмен, аурудың алдын алу әр адамның жеке жауапкершілігі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауруды таратпаудың нұсқаулығын ұсынды. Ол үшін бетпердені шешпеуіміз керек. Үйге кіріп-шыққан сайын қолымызды жуып тұруымыз қажет. Көпшілік орындарға бармауға тырысуымыз керек. Әлеуметтік арақашықтық сақталуы тиіс, - дейді әкімнің бірінші орынбасары. 
Өзгелердің жаңалығы