Шымкент қоғамдық көлікті пайдалануда Нұр-Сұлтанның тәжірибесін қолданады

25 Желтоқсан 2019, 17:25
9375
Бөлісу:
Шымкент қоғамдық көлікті пайдалануда Нұр-Сұлтанның тәжірибесін қолданады
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте қоғамдық көлікті күніне 650 мыңға жуық адам пайдаланады. 
Елордада Шымкенттің 9 айдағы атқарған жұмыстары бойынша есеп берген қала басшысы қоғамдық көліктердің ескіргенін атап өтті.

25 тасымалдаушы мекемеде 1621 автобус бар. Олардың 60%-ы ескірген. Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін ағымдағы жылы 300 жаңа автобус алынды. Бұл жерде Нұр-Сұлтан қаласының тәжірибесі қолданылады, арнайы мамандармен бірлесе жұмыс тобы құрылып, жол картасы бекітілді, - дейді ол. 

Әкімнің сөзіне қарағанда, жоспарға сәйкес, қаланың көлік саласын даму схемасы әзірленеді. Және 2020 жылы 590 жаңа автобус алынады.  

Одан бөлек, келесі жылы қоғамдық көлік бағыттарын жаңа форматқа көшіру, заманауи диспетчерлік орталық құру, электрондық билеттендіруді енгізу жұмыстары жүргізіледі, - деді Ерлан Айтаханов.

Бұған дейін мегаполис басшысы 2020 жылы мыңнан астам шымкенттік баспаналы болатынын айтты.
Өзгелердің жаңалығы