Шымкент қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындысы шықты

24 Наурыз 2023, 19:05
1703
Бөлісу:
Шымкент қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындысы шықты
Фото: автордан

Шымкент қаласының аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 19 наурызда өткен қалалық мәслихат депутаттарын партиялық тізім және бірмандатты округтер бойынша сайлау қорытындысын жариялады, деп хабарлайды өңірдегі BAQ.KZ тілшісі. 

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттарын партиялық тізім бойынша сайлауда Amanat партиясы 64,84% дауыс жинады. Шымкентте мәслихат депутаттарын партиялық тізім бойынша сайлауға барлығы 6 саяси партия қатысты. 

Саяси партиялар алған дауыс саны мынадай болды:

Amanat партиясы — 178 969 дауыс немесе 64,84%;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы — 32 486 дауыс немесе 11,77%;

Respublica партиясы — 5 424 дауыс немесе 1,97%;

Қазақстан Халық партиясы — 2 754 дауыс немесе 1,54%;

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы — 716 дауыс немесе 0,26%;

«Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы — 48 729 дауыс немесе 17,65%;

«Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлау бюллетень саны — 6927. 

Осылайша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 5 және одан көп процентін алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар саны былай бөлінді: 

Amanat партиясы — 11 депутат;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы — 2 депутат;

Respublica партиясы — 0;

Қазақстан Халық партиясы — 0;

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы — 0;

«Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы — 3 депутат;

Ал  бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Шымкент қаласы мәслихатының депутаттарына барлығы 100 кандидат болды. Мына кандидаттар жеңіске жетті: 

№1 сайлау округінен — Исхахов Талғат Жүнісбекұлы, 1968 жылы туған, «Бал Текстиль» ЖШС, директор, Шымкент қаласының тұрғыны;

№2 сайлау округінен — Нұрсұлтан Қайратұлы Балабиев, 1991 жылы туған, «Самал Транзит» ЖШС, директор, Шымкент қаласының тұрғыны;

№3 сайлау округінен — Мұрат Жаңабайұлы Жолдыхожаев, 1987 жылы туған, Шымкент қаласы бойынша «Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті, Шымкент қаласының тұрғыны,

№4 сайлау округінен — Күрпебаев Нұралы Баймолдайұлы, 1977 жылы туған, ЖШС «ПК-ЮГ», директор, Шымкент қаласының тұрғыны;

№5 сайлау округінен — Сұлтанова Төреайм Жолдыбайқызы, 1963 жылытуған, Жеке кәсіпкер, Шымкент қаласының тұрғыны;

№6 сайлау округінен — Қожамжарова Дариякүл Пернешқызы, 1962 жылы туған, М.Әуэзов атындағы ОҚУ басқарма төрағасы-ректоры, Шымкент қаласының тұрғыны;

№7 сайлау округінен — Әбішев Бөкейхан Нұралиұлы, 1990 жылы туған, ЖШС «Бөрте милка» Бас директор, Шымкент қаласының тұрғыны;

№8 сайлау округінен — Қалмұратов Мұратәлі Оразалыұлы, 1977 жылы туған, «Аманат» партиясының атқарушы хатшысының орынбасары, Шымкент қаласының тұрғыны;

№9 сайлау округінен — Нұрлыбаев Асхат Мелдебекұлы, 1990 жылы туған, «PRO GROUP» компаниясының тең құрылтайшысы, оның құрамына төмендегі дүкендер желісі кіреді: «SportNation» «Professionale». Сонымен қатар, Joma LTD, USUPSO KZ, Bellas, Mirai LTD компанияларының тең құрылтайшысы, Шымкент қаласының тұрғыны;

№10 сайлау округінен — Байкен Әшірбайұлы Әшірбаев, 1970 жылы туған, «Firkan Retail Graup» ЖШС директор кеңесшісі, Шымкент қаласының тұрғыны;

№11 сайлау округінен — Молдабек Асқар Ағабекұлы, 1981 жылы туған, «Заңғар Тренд» ЖШС, құрылтайшы, Шымкент қаласының тұрғыны;

№12 сайлау округінен — Марат Бортайұлы Өтемісов, 1977 жылы туған, «Bereke Bank» АҚ-ның Шымкент қаласы бойынша директоры, Шымкент қаласының тұрғыны;

№13 сайлау округінен — Сулайманов Лазиз Низамханұлы, 1980 жылы туған, ЖШС «А.Құнанбаев» мектебінің бас директоры, ЖШС «SOUTHALUPLAST» директоры, Шымкент қаласының тұрғыны;

№14 сайлау округінен — Шыңғыс Лесбайұлы Қозбахов, 1984 жылы туған, «ЮГОЙЛPRO» ЖШС-ң директоры, Шымкент қаласының тұрғыны;

№15 сайлау округінен — Қуашбаев Дулат Саттарұлы, 1988 жылы туған, Болашақ ЖК директоры, Шымкент қаласының тұрғыны;

№16 сайлау округінен — Керімжанова Мерлана Әбдірахманұлы, 1986 жылы туған, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстар комитетінің “Қазсушар” РМК  Түркістан филиалының директоры, Шымкент қаласының тұрғыны;

Шымкент қаласында барлығы 639 663 сайлаушы тіркелген. Дауыс беруге 287 754 сайлаушы қатысты. Олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 0 сайлаушы, ал дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 472 сайлаушы дауыс берді, – деді Шымкент қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев.

Өзгелердің жаңалығы