Шымкент полицейлері анасы мен баласын құтқарып қалды

20 Қараша 2023, 15:13
498
Бөлісу:
Шымкент полицейлері анасы мен баласын құтқарып қалды
Фото: Скрин

3 жасар ұлымен үйінде қалған қала тұрғыны газдан улану белгілерін сезінген. Үйінен шығуға әлі жетпеген әйел соңғы күшімен 102-ге хабарласады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Оқиға орнына патрульдік полиция полкінің инспекторлары Талғат Ибраев пен Медет Тұрлыбеков жетті. Жедел жәрдем бригадасы да келген. Тәртіп сақшылары мен медицина қызметкерлері терезені сындырып, баланы сол жерден шығарып алады. Әрі қарай есікті ашып, анасын да дер кезінде сыртқа алып шығады. Екеуіне де медициналық көмек көрсетілді. Қазір олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Қажет болған кезде адамдарға көмектесуге асығу міндетіміз, - дейді полиция қызметкерлері.

Өзгелердің жаңалығы