"Шымкент марафоны" бұқаралық сайысы 6-шы рет өтті

17 Қыркүйек 2023, 19:33
1969
Бөлісу:
"Шымкент марафоны" бұқаралық сайысы 6-шы рет өтті

Шымкент қаласында "Shymkent Marathon” ауқымды спорттық іс-шарасы биыл 6-шы рет өтті. Бұқаралық жүгіру сайысына 5 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов барша қатысушыларға сәттілік тілеп, өз құттықтауын жеткізді.

"Шымкент марафоны" бұқаралық сайысы 6-шы рет өтті

Іс-шараның басты мақсаты — бұқаралық спортты дамыту мен саламатты өмір салтын қалыптастыру. Елімізде спортты дамытуға айрықша мән беріліп, барлық жағдай жасалуда. Дәстүрлі сайысқа қатысушылар саны жылдан-жылға артып келеді. Бұл қала тұрғындарының саламатты өмір салтын ұстануға деген қызығушылығы артқанын көрсетеді. Сайыста мықтылар жеңсін!, — деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

"Шымкент марафоны" бұқаралық сайысы 6-шы рет өтті

Жүгіру марафоны Әл-Фараби алаңынан басталып, сол алаңда мәресіне жетеді. Сайысқа тек кәсіпқой спортшылар ғана емес, салауатты өмір салтын қолдайтын әрбір тұрғын, спорт жанкүйерлері бақтарын сынауда. Атап айтқанда, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия және еліміздің басқа өңірлерінен, жалпы 60-тан астам қаладан қатысушылар тіркелген.

"Шымкент марафоны" бұқаралық сайысы 6-шы рет өтті

5, 10, 21 және 42 шақырым бойынша және скандинавиялық жүрістен, сонымен қатар, Экиден (42 шақырымдық эстафета) және мүмкіндігі шектеулі балалалар арасында да сайыс өтіп жатыр. Жарыстың жалпы жүлде қоры - 14 млн теңге.

"Шымкент марафоны" бұқаралық сайысы 6-шы рет өтті
"Шымкент марафоны" бұқаралық сайысы 6-шы рет өтті
Өзгелердің жаңалығы