Шымкент: әл-Фараби ауданында 5000 отбасыға 50 мың теңгеден әлеуметтік көмек берілген

22 Тамыз 2020, 07:30
1340
Бөлісу:
Шымкент: әл-Фараби ауданында 5000 отбасыға 50 мың теңгеден әлеуметтік көмек берілген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттің әл-Фараби ауданында 5000 отбасыға 50 мың теңгеден әлеуметтік көмек берілген. Бұл туралы 21 тамызда ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы әл-Фараби ауданының әкімі Ғ. Мәуленқұлов мәлімдеді. 

"Біз  біргеміз" акциясы аясында аз қамтылған көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі бала қараушыларға, Тыл ардагерлері, ҰОС ардагеріне теңестірілгендер және ең төменгі зейнетақы алушы зейнеткерлерге аудан бойынша 5000 отбасыға 50000 теңгеден қаржылай көмек берілді. Ал екінші рет қаржылай көмек І, ІІ топ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және мүмкіндігі шектеулі бала қараушы 3400 отбасыға 50 мың теңгеден үлестірілді, – деді Ғ. Мәуленқұлов.
Спикердің сөзіне сүйенсек, ауданда 7 ай ішінде 4135 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдіріп, оның 3678-і мұқтаж деп танылған. Оның ішінде 1500-і көпбалалы отбасы қатарында. 

Ғабит Патшаханұлының айтуынша, аудан аумағында әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларға, жетім балалар үйіне және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қайырымдылық іс-шаралары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Осы орайда аудан кәсіпкерлері мен депутаттарының демеушілігімен 3000-нан астам аз қамтылған көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, мүмкіндігі шектеулі бала қараушы отбасыларға, жалғыз ілікті қарттарға және 134 тыл ардагеріне азық-түліктей көмек көрсетілген.



Өзгелердің жаңалығы