Шымкент: Қоғамдық кеңістік құру үшін 8 жоба қолға алынды

6 Қараша 2020, 23:25
2080
Бөлісу:
Шымкент: Қоғамдық кеңістік құру үшін 8 жоба қолға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте мамыр айында «SHYMKENT» ӘКК» АҚ базасында құрылған урбанистика департаменті әлеуметтік маңызы бар 8 жобаны қолға алып отыр. Бұл туралы otyrar.kz жазды.

Қазіргі уақытта урбанистика департаменті қаланың жан-жақты талдауы мен зерттеулерін жүргізуде даму мен өзгерісті талап ететін әлеуметтік маңызы бар учаскелерді анықтады. Бұл бағытта 8 жобаны қолға алып отыр. Атап айтқанда, 12 шағын аудандағы саябақты қалыпқа келтіру, Т. Рысқұлов көшесінде, «Север» СО ауданында (Ж. Шаяхметов көшесінен Жолан батыр көшесіне дейін) жаяу жүргіншілер қоғамдық кеңістігін құру, Жангелдин көшесіндегі «Отбасы аллеясында» Қарасу өзенінің жағалауын абаттандыру, Жайлау шағын ауданындағы «Әз Наурыз» саябағын жаңарту, Темірлан тас жолы аумағы (Қажымұқан мен Махамбет көшелерінің арасындағы сквер) бойынша эскиздік жобалар жасалынды, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар, Мәделі қожа көшесі бойындағы көпір асты кеңістігін абаттандыру мен Бәйдібек би көшесі (4 шағын аудан) бойында гастрономиялық кластерді абаттандыру жұмыстарын жүзеге асырмақ. Аталғандар негізінде эскиздік жобалар дайындалды. Одан өзге, Бәйдібек Би даңғылы бойында «Ипподром» аялдамасынан «Қайнар» аялдамасына дейін жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын құру мен Абай саябағын жандандыру мәселесі де шешімін таппақ.

Айта кетейік, урбанистика департаментінің қызметі қаладағы қоғамдық кеңістіктердің жаңаларын құруға, барларын жақсартуға және жаңартуға бағытталған.



Өзгелердің жаңалығы