Шымкентке кіретін-шығатын жолдар жабылады

30 Наурыз 2020, 21:37
1925
Бөлісу:
Шымкентке кіретін-шығатын жолдар жабылады
VIDEO

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылдың 31 наурызы түнгі сағат 21:00-ден бастап Шымкент қаласына кіретін жолдар жабылады.

Бұл шектеулер коронавирус пандемиясының алдын алу үшін жарияланған төтенше жағдай аясында енгізіліп отыр.

IMG-20200330-WA0031.jpg

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов хабарлағандай, қалаға кіретін барлық жолдар жабылады. 


Барлық автокөліктің қалаға кіруіне және шығуына тыйым салынады. Қала аумағына тек транзит көліктер мен қала тіршілігін қамтамасыз ететін арнайы автокөліктердің кіріп-шығуына рұқсат етіледі. Сонымен қатар, Шымкент қаласы аумағында бетперде киіп жүру режимі енгізіледі. 2020 жылдың 31 наурызы сағат 21:00-ден бастап барлық азаматтың медициналық бетперде киіп жүруі міндетті болады.

Қалаға кіріп-шығу тыйымына қоса қала ішіндегі қоғамдық көліктердің де қозғалысына шектеулер енгізілді.

Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, қоғамдық көліктер саны 25 процентке қысқарады. Бұл да коронавирус инфекциясының таралауына жол бермеу үшін жасалып отыр.

Қазір Шымкентте кесте бойынша 1023 автобус қатынайды. Енді солардың саны 760-қа азаяды.

Айта кетсек, бұған дейін қоғамдық көлікте бетперде киіп жүру режимі енгізілген болатын.

Өзгелердің жаңалығы