Шымкент қаласында жемқорлыққа қарсы күрес қалай жүріп жатыр

10 Қыркүйек 2021, 15:55
3563
Бөлісу:
Шымкент қаласында жемқорлыққа қарсы күрес қалай жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Шаттық Утеев мәлім етті.

Оның айтуынша, өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және парасаттылық пен ашықтық қағидаттарын енгізуге баса назар аударылған. Бұл бағытта азаматтық қоғам институттарымен тығыс жұмыс істеудің маңызы зор.

Жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді. Сыбайластықтың алдын алу - еліміздің негізгі бағыттарының бірі. Биыл үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп 1500-ден астам іс-шара өткізілді. Шара өңірдің 670 мың халқын қамтыды. Барлық әлеуметтік маңызы бар сала қамтылды. Өздеріңіз білетіндей, пандемия кезеңінде бәрі дерлік онлайн форматта іске асырылды. Қоғам белсенділерінің қатысуымен 363 эфир ұйымдастырылды, - деді Утеев.

Ол парасаттылық идеологиясын дәріптеу мақсатында қала көшелерінде әлеуметтік бейнероликтер әзірленгенін айтты. Департамент басшысының мәлімдеуінше, тұрғын үйлердің қас бетіне муралар салу дәстүрге айналып келеді.

Құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында «Adal komek» жобасы өз нәтижесін беруде. Жыл басынан бері 42 адвокат пен заңгерлердің қатысумен жоба аясында 600-ге жуық тікелей эфир ұйымдастырылды. Ол 270 мыңнан астам адамды қамтыды. Бұл жобалар халықты толғандырған өзекті мәселелерді талқылау бойынша тиімді алаңға айналды. Сондай-ақ жобалар қоғам арасы мен мемлекеттік құрылымдарда кеңінен қолдау тапты, - деді Шаттық Утеев.

Өзгелердің жаңалығы