Әкімдік: Шымкент қаласы Ауғанстан босқындарын қабылдайды деген ақпар – жалған

17 Тамыз 2021, 10:08
2963
Бөлісу:
Әкімдік: Шымкент қаласы Ауғанстан босқындарын қабылдайды деген ақпар – жалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында қала әкімінің баспасөз хатшысы Бекен Қоныс жазды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі қаламыз Ауғанстан босқындарын қабылдайды деген ақпардың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Тоғыс тұрғын алабындағы N120 мектепте жаңа оқу жылына байланысты жоспарлы жұмыстар атқарылуда, - деп жазды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Бекен Қоныс.

Еске сала кетейік, кеше әлеуметтік желілерде Шымкентте Ауғанстаннан келетін босқындар үшін арнайы қоныс әзірленіп жатыр деген жалған ақпарат тараған еді.  

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысы Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдамағаны және бұған қатысты тараған ақпарат негізсіз екенін жазды. 

Қазақстандық саясаттанушылар да осы мәселеге қатысты пікірін білдірді.


Өзгелердің жаңалығы