Шымкентте індет жұқтырғандар саны 140-тан асты

24 Сәуір 2020, 23:59
1157
Бөлісу:
Шымкентте індет жұқтырғандар саны 140-тан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы 2 адам туралы ақпарат берді.

Вирус жұқтырған 1966 жылғы әйел мен 1984 жылғы ер азамат өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда - делінген хабарламада.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 24.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 141 адам анықталды.

Өзгелердің жаңалығы