Шымкент әуежайы Парижден алғашқы рейсін қабылдады

1 Сәуір 2024, 03:15
553
Бөлісу:
Шымкент әуежайы Парижден алғашқы рейсін қабылдады
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Жүк ұшағы Париж бағытынан Шымкент қаласының әуежайына алғаш рет қонды. Әуежай басшылығы экипажды жылы қабылдауды ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Париж-Шымкент-Хайнань бағытымен қатынайтын әуе кемесінің техникалық қонуы "FTL airlines" француз жүк тасымалдаушысы арасындағы уағдаластықтар аясында Шымкент әуежайында ұйымдастырылды. Айта кетейік, алдағы уақытта Шымкентке жүк авиатасымалдарын тұрақты түрде ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл мегаполистің логистикалық инфрақұрылымын дамытуда маңызды қадам болады, - делінген мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында Қазақстанның Еуразиядағы тораптық транзиттік хаб ретінде өз позициясын күшейтіп, толыққанды көліктік-логистикалық державаға айналуға тиіс екеніне тоқталған болатын. Көлік-логистика саласы елдің экономикалық дамуының локомотивтерінің біріне айналуы қажет.

Шымкенттегі "Сауда-логистикалық орталық" аумағының жоғары жүктемесіне байланысты хабтың жалпы ауданын 92-ден 136,29 гектарға дейін кеңейту туралы шешім қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы