Шымкент әуежайы бір айдан астам уақыт күндіз жұмыс істемейді

29 Наурыз 2024, 23:26
389
Бөлісу:
Шымкент әуежайы бір айдан астам уақыт күндіз жұмыс істемейді
Фото: baq.kz

Шымкент әуежайы 1 сәуір мен 3 мамыр аралығында сағат 10:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс істемейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы уақытта ұшу-қону жолағы жөнделеді.

Әуежай ұшу кестесінің өзгеруіне байланысты жолаушыларға әуежайдың ақпараттық қызметінен рейс туралы мәліметті тексеруді ескертті.

Әуежайға барар жолда да жол жұмыстары жүріп жатыр. Жол жөндеу жұмыстарына байланысты жолаушылар әуежайға алдын ала баруы керек.

Ал кептеліс болмас үшін көліктеріңізді жаңа терминалдың тұрағына қалдырыңыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы