Шымкент әскери бөлімдерінде қауіпсіздікті қамту мәселелері көтерілді

13 Сәуір 2023, 22:01
976
Бөлісу:
Шымкент әскери бөлімдерінде қауіпсіздікті қамту мәселелері көтерілді
Фото: Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Қорғаныс министрінің бастамасымен қолға алынған «Өмірді сақта» бағдарламасын іске асыру аясында 10216 әскери бөлімінің жеке құрамымен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Онда құқық бұзушылықтардың, билікті асыра пайдалану фактілерінің алдын алу, жарақаттануды азайту, сондай-ақ әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының ТжИЖ жөніндегі орынбасары полковник Сергали Әлімқұловтың төрағалығымен өткізілген дөңгелек үстелге Шымкент гарнизоны әскери прокурорының орынбасары әділет подполковнигі Ермек Шалбаев, қалалық дін істері басқарманың теологы, психологиялық диспансер орталығының маман дәрігері, сондай-ақ қалалық әкімшілік полиция басқармасының бастығы қатысты.

Шымкент әскери бөлімдерінде қауіпсіздікті қамту мәселелері көтерілді

Дөңгелек үстел барысында Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Сергали Әлімқұлов жиналғандарға әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтауға, сондай-ақ әскери қызметтің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және әскердегі тәрбие жұмысын жетілдіруге бағытталған «өмірді сақта» бағдарламасы туралы айтып берді.

Әскерлерде енгізілген сарбаздар мен олардың ата-аналары арасында апта сайынғы «отбасымен бейнеқоңырау» бағдарламасы, сондай-ақ сарбаздардың ата-аналары, олардың командирлері мен тәрбиешілер офицерлерінің қатысуымен мессенджерлерде құрылған чаттар әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған, - деп атап өтті полковник Сергали Әлімқұлов.

Сонымен қатар дөңгелек үстел барысында бағдарлама енгізілген сәттен бастап әскери бөлімдердің жұртшылық үшін ашықтығын арттыру бойынша нақты іс-шаралар өткізілгені атап өтілді.

Мысалға, соңғы айда 10216 әскери бөлімінде гарнизонның әскери полиция бөлімінің өкілдері қоғамдық ұйымдардың өкілдерін және осы бөлімнің әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерін шақыра отырып нақты іс-шаралар өткізді. Сонымен қатар Шымкент қаласы бойынша «Аналардың жүрегі» сарбаздардың аналар комитетінің өкілдері де кенеттен білімге келіп, жеке әңгімелесу өткізіп, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің тұрмыстық жағдайларын бақылай алады.

Өзгелердің жаңалығы