Шымкент әкімінің орынбасары тағайындалды

25 Қыркүйек 2023, 12:43
6372
Бөлісу:
Шымкент әкімінің орынбасары тағайындалды
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары қызметіне Кәрімов Айдын Мейрамбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ  әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәрімов Айдын Мейрамбекұлы 1988 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақ қаржы-экономика академиясын, MNU (Maqsut Narikbayev university) университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы бастаған.

Түрлі жылдары ҚР ТЖМ «Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, информатика және ситуациялық талдау» РМК, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Телекоммуникациялар саласындағы техникалық сүйемелдеу орталығы» РМК, Астана және Семей қалалары әкімінің аппараттарында қызмет еткен.

2012-2016 жылдары ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің (қазіргі ҚР Сауда және интеграция министрлігі) Халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2016-2017 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2017-2019 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі – ҚР Премьер-Министрінің хаттама шефі, Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және хаттама бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды.

2019 жылғы 7 қарашада ҚР Премьер-Министрінің Өкімімен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2022 -2023 жылдары Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Айдын Мейрамбекұлы «Құрмет» Орденімен (2020 ж.), Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2014 ж.), медальдармен және алғыс хаттармен марапатталған.

Еске салсақ, 5 қыркүйекте Ғабит Сыздықбеков Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы