Шымкент әкімі: Қалаға 20 мың жұмыс орны қажет

9 Желтоқсан 2021, 13:23
1534
Бөлісу:
Шымкент әкімі: Қалаға 20 мың жұмыс орны қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Шымкент қаласына тартылған инвестиция көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 55 пайызға артқан. Бұл туралы өңір әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, 5 жылдық жоспарға сәйкес мегаполисте 20 мың жұмыс орнын ашу қажет. 

Қалаға инвестиция тарту мақсатында 5 жылдық жоспар бойынша 2,6 трлн теңгеге 282 жобаны іске асырып, 20 мың жұмыс орнын құру қажет. Ағымдағы жылдың 11 айында қалаға тартылған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55 пайызға артып, 392,4 млрд теңгеден асты, – деді әкім.
Өзгелердің жаңалығы