Шымкент әкімі екі орынбасарын қызметтен босатты

29 Шілде 2020, 15:55
1780
Бөлісу:
Шымкент әкімі екі орынбасарын қызметтен босатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы әкімінің екі бірдей орынбасары атқарып отырған қызметтерінен босатылды. Бұл туралы мегаполис әкімдінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің бірінші орынбасары Садыр Ербол Әбілхайырұлы мен қала әкімінің орынбасары Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.
Әкімдіктің баспасөз қызметінде аты аталған әкім орынбасарларының неліктен қызметтен босатылғанына қатысты түсініктеме берілген жоқ.

Қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр Instagram-дағы парақшасында өзінің мемлекеттік қызмет саласынан кеткенін жазды.

Құрметті жерлестер! Бүгіннен бастап мемлекеттік қызметтен кетуге шешім қабылдадым. Мемлекеттік қызметте үзіліссіз 26 жыл Оңтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында қызмет атқардым. Мемлекеттік қызметтің мектебінен өтіп, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына аянбай еңбек еттім. Осы жолда маған тәрбие берген ұстаздарыма, бірге қызметтес болған әріптестеріме, әр бастамаларыма қолдау көрсеткен маслихат депутаттарына алғысымды білдіремін. Аман болайық, барлығымыз бірге болайық, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы