Шым-ситидегі жантүршігерлік жол апатынан 7 адам ауруханаға түсті

14 Маусым 2023, 13:33
930
Бөлісу:
Шым-ситидегі жантүршігерлік жол апатынан 7 адам ауруханаға түсті
VIDEO
Фото: Polisia.kz

13 маусым сағат 19:15 шамасында Абай АПБ-на қарасты Шым-сити мөлтек ауданында ЖКО болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz мәліметінше, оқиға орнына жедел түрде патрульдік полиция полкінің қызметкерлері барды. 

Белгілі болғандай, Mercedes Benz автокөлігінің жүргізушісі атауы жоқ көше қиылысында екінші дәрежелі жолда бола тұра, басты жолда келе жатқан Toyota Camry және Opel Vectra көліктеріне соқтығысқан. Салдарынан әртүрлі дене жарақатымен 3 жүргізуші және 4 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Адам шығыны жоқ. Mercedes Benz толықтай өртеніп кетті. Қалған екі автокөлікке материалдық шығын келтірілді. ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Алдағы уақытта, жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы