Шығыста қар көшкіні жүруі мүмкін

26 Қараша 2021, 13:32
1075
Бөлісу:
Шығыста қар көшкіні жүруі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір бойынша метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі жаңбыр мен қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты қар көшкіні жүру қаупі туындап отыр.

26-30 қараша аралығында облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Шығыс Қазақстандағы 20 тасжол учаскесі қар көшкіні қаупі жоғары аумаққа кіреді.
Өзгелердің жаңалығы