Шығысқазақстандық әскерилер қаза тапқан сарбаздардың рухтарына тағзым етті

10 Қаңтар 2022, 10:29
1545
Бөлісу:
Шығысқазақстандық әскерилер қаза тапқан сарбаздардың рухтарына тағзым етті

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығысқазақстандық әскерилер еліміздегі жаппай тәртіпсіздік салдарынан қаза тапқандардың рухтарына тағзым етті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 10 қаңтар күні жаппай тәртіпсіздік салдарынан бүлікшілердің қолынан қаза тапқан азаматтардың рухына арнап Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Өкінішке қарай, Қазақстанда қоғамдық тәртіп пен еліміздің конституциялық заңдарын сақтау барысында қылмыскерлердің қолынан әскери қызметкерлердің қаза тапқаны белгілі. Қаза тапқандар соңғы демі қалғанша Отан алдындағы анттарына адалдық танытты.

Шығыс Қазақстан облысында қаза тапқандарды еске алуға арналған акция өткізілді. 

Өскемен қаласындағы 5518 әскери бөлімінде өткізілген еске алу митингісіне Шығыс Өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Берік Тоқтаров пен Шығыс Өңірлік қолбасшылығының ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник Айдар Оразбаев қатысты. Сонымен қатар қаралы митингте қатардағы сарбаздардан бастап, келісім-шарт бойынша қызмет ететін жауынгерлер мен офицерлер сап түзеді, - дейді Ұлттық Ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

Айта кетсек, Ұлттық Ұланның Шығыс Өңірлік қолбасшылығына қарасты 19 жауынгері өздерінің жауынгерлік міндеттерін атқару барысында түрлі жарақаттар алған. Оның сегізі Өскемен гарнизоны бойынша болса, қалған 11-і Семей гарнизоны бойынша болған.

Естеріңізге сала кетейік, шығысқазақстандық полицейлер өз қызметтерін ерекше режимде жалғастырып жатқандығы жөнінде хабарлаған болатынбыз.     

Өзгелердің жаңалығы