Шығыс Қазақстанның картасы жаңартылды

21 Мамыр 2023, 20:11
985
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанның картасы жаңартылды

Үш жаңа облыстың құрылуына байланысты Қазақстанның жаңа картасы әзірленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов жаңа әкімшілік-саяси картаны таныстырды. Бұл туралы Altaynews жазды.

«Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының картасы жаңартылды және 1 миллион масштабпен Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарының карталары әзірленді. Бұған қоса, 1:25 000 масштабпен Қарағанды, Семей, Өскемен, ал 1:10 000 масштабпен Қонаев, Жезқазған, Талдықорған қалаларының жоспар-сызбасы жаңартылды және жасалды», - деді вице-министр.

Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы мен алты облыстың картасын жасауға, облыс орталықтарының жоспар-сызбасын әзірлеуге 56 миллион теңге жұмсалған. Соның ішінде Қазақстан картасының өзіне 10 миллион теңге кеткен көрінеді.

«Жалпы республикалық бюджеттен 56 миллион теңге жұмсалды», - деп жауап берді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі геодезия және картография комитетінің төрағасы Қажымұқан Бекмұқашев.

Өзгелердің жаңалығы