Шығыс Қазақстанда улы газ датчигі 29 адамды құтқарды

23 Қыркүйек 2022, 15:27
1394
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда улы газ датчигі 29 адамды құтқарды
PHOTO

Шығыс Қазақсан құтқарушылары соңғы үш жылда үйлерге орнатқан датчиктерінің дер кезінде қосылуы нәтижесінде 29 адамның, оның ішінде 23 баланың өмірі құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Уланудың ең көп саны пештерді пайдалану кезінде қарапайым ережелерді сақтамау салдарынан болады. Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында улы газ салдарынан пештерде ыстың болуы, тазаланбаған мұржа,  тартылыстың болмауынан 9 адам зардап шекті. Оқиғаның барлығы тұрғындар ұйықтап жатқан кезде болған. Сондықтан улы газ хабарлағышын қолдану қорғаудың ең тиімді тәсілдерінің бірі.

Мәселен, биыл Глубокое ауданының Белоусовка ауылында үйде өрт шықты. Өрт шыққан кезде үй иесі бақта жүріп, түтінді байқаған.  Сол сәтте ол 6 баласы ұйықтап жатқан үйге қарай жүгірді. 3 бала құтқарушылар орнатқан датчик дыбысынан оянған, тағы үшеуін анасы оятып, жанып жатқан үйден алып шыққан. 

Шығыс Қазақстанда улы газ датчигі 29 адамды құтқарды

 

Сол күні дәл осы датчик біздің отбасымызды құтқаруға көмектесті. Ол дабыл берді, біз түтін шыққан үйден шығып үлгердік. Барлығы аман қалды, - деп еске алады көп балалы ана Наталья Гутова. 

Осыдан екі жыл бұрын Ұлан ауданы Таврия ауылында датчик 5 баланы құтқарды. Үй улы газға толған кезде датчик «дабыл соққан». Бұл адамдарға әрекет етіп, дер кезінде сыртқа шығуына мүмкіндік берді. Мұның себебі түтіннің шығуына кедергі келтіретін металл құбырда пайда болған мұз болды, бұл қауіпті газдың шығуына кедергі келдірген болатын.  

Шығыс Қазақстанда улы газ датчигі 29 адамды құтқарды

ТЖ қызметі мамандарының жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен және кәсіпорындармен жүргізген жұмысының арқасында жыл сайын мүгедек адамдар, көп балалы және аз қамтылған отбасылар, жалғыз басты қарт азаматтар тұратын әлеуметтік қорғалмаған отбасыларда құтқару датчигын орнату іске асырылады. Биыл жылыту маусымына дейін Шығыс Қазақстан аумағында тұратын осындай үш мыңнан астам отбасын датчикпен қамтамасыз етеміз, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин. 

Улы газ датчиктері бүгінде кеңінен таралуда. Олардың көмегімен пештерді пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелері бұзылған жағдайда үй-жай толтырылуы мүмкін көрінбейтін және сезілмейтін улы газды үздіксіз бақылауды қамтамасыз етуге болады. Уытты заттардың рұқсат етілген концентрациясы жоғарылаған кезде улы газдың хабар беру тетігі іске қосылады және қауіп туралы хабардар ететін дыбыстық авариялық сигнал береді. 

Шығыс Қазақстанда улы газ датчигі 29 адамды құтқарды

ШҚО ТЖД жылыту маусымы кезінде азаматтарға қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді. Қысқы кезеңде пештерді пайдаланатын үйлердің иелері жылыту маусымына дейін бұзушылықтарды жойып, мұржаны тазалау, мұржадағы жарықшақтарды сылап, пеш алдына тілім төсеп, пеш жағу кезінде өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажет. 

Өзгелердің жаңалығы